Қазалы ауданының кәсіпкерлік саласы өрістеп келеді. Бұл бағытта оң өзгерістер бар.
Аудандық өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов бұл жайында:
– Бүгінгі күнге «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 342,4 млн теңгені құрайтын 13 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялау үшін мақұлданып, кепілдік беру компоненті бойынша 11 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 124,4 млн теңге кепілдік берілген. Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезең» жобасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық экономика басқармасына және Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінімі тапсырылды. Осының нәтижесінде 2020 жылға «Электрмен жабдықтау» жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге, «Сумен жабдықтау» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 70,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – «Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету» жобасына 148,9 млн теңге бөлінді. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Бұл бағдарламамен қатар қазіргі таңда іске асырылып жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша құны 328,3 млн теңге болатын 7 жоба қаржыландырылды, – деді.