Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жолаушылар тасымалдау қағидасы талаптарын бұзған107 дерек тіркелді

Қазаң айының 7-9 күндері аралығында облыс көлемінде «Заңсыз тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 
Іс-шара барысында Қызылорда облысы ПД-ң Жергілікті полиция қызметі басқармасы облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтайтын болады. Іс-шараның 2 күнінде жолаушы тасымалдаушылар арасында негізгі құқық бұзушылық болып табылатын, яғни жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұздың барлығы - 107 дерегі тіркелді.
Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабымен (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысудың)-9, ҚР ӘҚБтК-нің 464 бабы (Лицензиялау нормаларын бұзу)-2, ҚРӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың)-89, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың)-7 деректері анықталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: