Игор Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазғанын сүйіншілеп жеткізді
Димашпен әріптестікте жұмыс істеген ресейлік танымал композитор Игорь Крутой отандасымызға арнап тағы бір ән жазғанын сүйіншілеп жеткізіп, желіде видео орналастырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаңа ән "Мен сені сағынамын" деп аталады деп жазды композитор Instagram-дағы парақшасында.
Ол бұл әнді досы әрі әріптесі Игорь Николаев екеуі бірігіп жазғанын мойындады.
"...Бұл әннің тағдыры жарқын, өмірі ұзақ, бақыт пен махаббатқа толы болады деп сенемін. Сонымен, шығармашылық азап, талмас ізденістпен біздің өміріміздің тағы бір күні өте шықты, оның үзіндісімен өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім, қымбатты желі қолданушылары! Әрине, бұл ән Димашқа арналып жазылған" делінген жазбада.