Филармония өнерпаздары Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттайды
Қызылорда облыстық филармониясы 22-24 қаңтар аралығында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының мәдениет үйлерінде «Бірлік бәйтерегі – бақыт байрағы» атты концерт өткізеді.
Бұл шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын, қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын насихаттауға арналып отыр. Концертке «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі және дәстүрлі орындаушылар Майра Сәрсенбаева, Күнсұлу Түрікпенова, Марат Сүгірбай, Эльвира Есназаровалар қатысуда.