Продюсер – Баян Есентаева жанкүйерлердің жағасын ұстататын шешім қабылдады. Осы жаңалықтарымен бірінші біздің арнамызбен бөлісті.
Осыған дейін айтқанымыздай, Кәмшатпен шығармашылық байланысты тоқтатты. Оған мынадай түсініктеме берді.
Баян Есентаева: "Кәмшат маған келгенде 21-ден асқан қыз еді. 5-6 жыл бірге жұмыс істедік. Ешбір универдің, магистратураның бермейтін білімін алды. Етек-жеңін жинады. Бүгінде тәжірибелі маман болды. Енді жеке жұмыс істей берсін".
Орталықтан Жанар Дұғалова да кетеді. Біраз белесті бірге бағындырған әнші мен продюсердің бұндай шешімге келгендеріне не себеп?
Баян Есентаева: "Жасы бірталайға келген ақылды қыздар ғой. Оларға жетекшінің қазір керегі жоқ,-деп ойлаймын. Болашақта Жанарды да өнер айдынында еркін жүзуге жіберемін. Бірақ әзір келісімшартта көрсетілген кейбір міндеттері бар. Соны орындағасын.
Продюсер Жанарды суретшіге теңеді. Суретшінің қиялына шектеу қоя алмайсың. Енді өз ерікімен еңбектенсін",-деді. Айтпақшы, Баянның жаңа жобалары дайын. Жігіттерден құрылған жаңа топ пен дауыс диапазоны кең тағы бір бикешті елге таныстыруға асық екенін айтты.