Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ардагерлерден құралған «Атамұра» ансамблі мәдениет орталығында көпшілікке концерттік бағдарламасын ұсынды.
Әрбір үйдің тамырын тереңге жайған бәйтерегі, ақылман ата-әжелері болып отырған жандар ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жастары жетпіс-сексенге келсе де түрлі аспапта ойнап, мың бұрала би биледі.
Ардагерлер ансамблінің концертіне арнайы қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов зейнеткерлікке шықса да, қоғамдық шаралардан қол үзбей, көпке үлгі болып жүрген ардагерлерге шынайы алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Айта кетейік, ансамбль мүшелеріне аудан басшысының тікелей қолдауымен Астана қаласындағы «Сән мен сахна» агенттегі арқылы сахналық киімдер тіктіріліп, Наурыз мерекесінде тарту етілген болатын.