Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Экспедия мүшелері Жаңақорғанда болды

Экспедия мүшелері Жаңақорғанда болдыҚазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясының хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедициясы ауданымыздағы Сығанақ, Хорасан Ата, Сауран тарихи қалаларында болып ежелгі тарихи орындармен танысты.
Сондай- ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелеріне орай жолға шыққан экспедиция тарапынан аудандағы бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қан қысымын өлшейтін тонометрлер сыйға тартылды.
Шара аясында аудан әкімдігі және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперті Біржан Өтебаев, ауылдық округ әкімдері, ауыл ауруханасының мейірбикесі және ауылдың белсенді жастары Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Асанов Нұрман, Байдүйсенов Сейтхан, Бимбетов Тұрсынбек, Жұмадуллаев Сайфулла, Қабетенов Жүніс, Қошқаров Асылбек, Сүйіндіков Шаймерден, Тасқынбаев Алиге қан қысымын өлшейтін тонометрлерді үйлеріне арнайы барып тапсырды.
Өз кезегінде соғыс ардагерлері келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: