Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ӘУЕЗ МЕКТЕБІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ӘУЕЗ МЕКТЕБІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІҚазалы ауданындағы әуез мектебінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында қосымша білім беру және музыка мектептеріндегі өнерлі тұлға тәрбиелеу жөнінде семинар болып өтті.
Оқытушылардың кәсіби түрде шығармашылық қабілетін дамыту жән заман талабына сай өнерлі тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізудің тиімділігін арттыруды мақсат еткен облыстық семинарға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысты.
«Қазалы – ежелден өнер мен кие қонған жер. Осы топырақтан шығып, қазағының атын шығарған жарық жұлдыздар Роза Бағланова, Мәдина Ералиева, Кеңес Дүйсекеевтердің сара жолдары болашақта да дәстүрлі жалғасын табатындығына сенімім мол» - деген аудан басшысы ұжымды мерейтоймен құттықтап, бірқатар үздік ұстаздарды марапаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: