Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған оқушылар мен студенттер арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты сайыс өткізілді.
Оны Қазақстан халқы облыстық Ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Студенттерді отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеу мақсатындағы шараға ғылыми сарапшылық топ мүшелері, журналисттер, аймақтағы жоғарғы, арнаулы және орта оқу орындарының жастары қатысты.
Сайысқа ғылыми сарапшылық топ мүшесі С.Сахиев, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Д.Омаров және «Қоғамдық келісім» КММ-ң бас эксперті Ш.Абдраманова төрелік етті. Сайыс барысында сөз алған ҒСТ мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты С.Сахиев жастарға туған жерге адал қызмет етуге, елінің, халқының тегін, тарихын білуге және ұлттық рәміздерді құрметтеуге лебіз білдірді.
Жастарға мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы түсініктерін кеңейту мен қалыптастыру жолдарын айта кеткен облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Д.Омаров қатысушыларға сәттілік тіледі. Жан-жақты, тартысты өткен шара соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.