Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАС ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІН ӨТКІЗДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАС ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІН ӨТКІЗДІ
Бүгінде туа бітті, тағдырдан теперіш көрген, бойында таланты бар, жандар аз еместігі белгілі. Солардың бірі Шиелі ауданындағы Бидайкөл елді мекеніндегі Дәулетов Әділжан. 
18 жасар Әділжан туа бітті өздігінен жүре алмай, мүгедек арбасына таңылған. Бүгін мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты, жас әнші, жазба ақын Әділжан Дәулетовтың «Ізгі тілек, жылы жүрек» атты шығармашылық кеші өткізілді. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткізілген кеште бірінші болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қайырымдылық кешке қолдау білдіргендерге алғысын айтып, Дәулетов Әділжанға аудан әкімі атынан қаржылай көмек табыстады. Дана халқымызда «Қайырымдылық- қадірлі іс» деп бекер айтылмаса керек. Қайырымдылық кешке түскен қаржылай қолдаулар Әділжанның ем қабылдауына жұмсалатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: