Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫ АТАУЛЫ КҮНДІ МЕРЕКЕЛЕДІ

ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫ АТАУЛЫ КҮНДІ МЕРЕКЕЛЕДІЖалағаштық жалынды жастар "Ақтерек" тынығу лагерінде бас қосты. 
Халықаралық жастар күнін Жалағаш жастары өзгеше мерекеледі. Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі, "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қоры және "Жастар ресурстық орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен лагерде бірқатар шаралар өткізілді. Алдымен, ала допты алдыға салған жастарымыз кіші футболдан өзара үздіктерді анықтауға кірісті. 6 құрама арасындағы жарыс қорытындысымен Ақсу құрамасы 1 орынды жеңіп алды. Одан кейінгі орындарға Жаңаталап және Мәдениет құрамалары реттілігімен иеленді. Сонымен қатар, Жастарға арналған дастархан жайылып, әрі қарай мерекелік концертке ұласты. 
Аудан жастарын айтулы мерекесімен құттықтаған "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева олардың алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп, қоғамдық өмірге атсалысып, белсенді болуға шақырды. Мерекелік шара барысында бірқатар саланың жас үздіктері аудан әкімінің Алғысымен марапатталды. Мереке көркін далаға жағылған отты айнала жиналған жастардың әуені қыздырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: