Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ФИЛАРМОНИЯ ӨНЕРПАЗДАРЫ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ФИЛАРМОНИЯ ӨНЕРПАЗДАРЫ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫҮстіміздегі жылдың 28-29 қыркүйек күндері аралығында филармонияның өнер ұжымдары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Шиелі, Жаңақорған аудандарына гастрольдік сапармен барды.
Шиелі ауданынан бастау алған шарада «Томирис» би ансамблі мен О.Нұралиев, Н.Нұраддинова, Н.Тілеулесова сынды жеке орындаушылар өнер көрсетті. Аудан халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шара «Арман» мәдениет үйі мен Салтанат сарайында ұйымдастырылды. Мұнда қазақтың ұлттық билері мен әлем халықтарының болмысын паш етіп, мәдениетін танытатын түрлі билер көрініс тапты.
Мұнан әрі гастрольдік сапар Жаңақорған ауданында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Тәуелсіздік толғауы» атты концертімен жалғасты. Ұлы дала елінің өнер қырандары қазақ әнін көкте әуелетіп, мың бұралған көркем билерімен көпшілікті тәнті етті. Жаңақорған жұртшылығына ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Ү.Медеуова, М.Сүгірбай, Т.Ағыраев сынды орындаушылар әсем ән мен жауһар жырдан сыйлады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: