Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БҮРКІТ ТУҒАН ІНІСІ ӘЛИДІ ШОУ-БИЗНЕС ӘЛЕМІНЕ АЛЫП КЕЛДІ (ВИДЕО)

БҮРКІТ ТУҒАН ІНІСІ ӘЛИДІ ШОУ-БИЗНЕС ӘЛЕМІНЕ АЛЫП КЕЛДІ (ВИДЕО)

 

Жұрт әнші Бүркітті жұбайы Айшасыз елестете алмайды. Себебі ол ел алдында тек Айшамен ән салады. Анығында салатын. Шығармашылығына жаңалық енгізгісі келген Бүркіт туған інісі Әлимен махаббат тақырыбында ән жаздырып бейнебаян түсірді.
Осыдан бірнеше ай бұрын Бүркіт Stan.kz-ке берген сұхбатында өткен жазда үш бейнебаян түсіргенін мәлімдеген еді. Сонда әнші «шығармашылығымда өзгеріс болсын деп бір әнді Айшамен, екіншісін өзім, ал үшіншісін тағы бір әншімен орындадым. Әзірге кім екенін айтпай-ақ қояйын», – деген еді. Бүркіт уәде еткен кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Оның белгісіз жұбы – өзінің інісі Әли Жансейіт болып шықты.
Ағалы-інілі әншілердің «Жалған махаббат» әні тыңдарманның оңды бағасына ие болды. Көпшілік Бүркіт пен Әлидің ұқсастығына қайран қалуда. Алайда Бүркіттің әндерінің бір-біріне ұқсас екенін айтқандар да баршылық.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: