Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БЕРІЛГЕН КОММУНАЛДЫҚ ҮЙЛЕР БАРЛЫҚ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ТИЕСІЛІ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАРЫНА ЖАЛҒАСАДЫ


Соңғы уақытта коммуналдық тұрғын үй қорынан жаңа баспана алған қала тұрғындары арасында тұрғын үйді жекеменшікке беру мәселесі көптеп талқылануда.
Бірден атап өту керек, бүгінгі күні қолданыстағы заң талаптары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге беруге жағдай қаралмаған.
Себебі, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабының 7 бөлігінің 8 тармақшасына сәйкес жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды делінген.
Сол секілді, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғын жайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке береді.
Берілген коммуналдық үйлер барлық отбасы мүшелеріне тиесілі және ұрпақтарына жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: