Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Сырдарияда белгілі жазушы Сәбит Досановпен кездесу өтті

Бүгін Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы, драматург, сыншы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері Сәбит Досановтың "Ұлтын сүйген дара тұлға" атты шығармашылық кездесу кеші болып өтті. 

Бұл өңірде Сыр бойындағы шайырлық мектептің көрнекті өкілдерінің бірі Қаңлы Жүсіп, домбырашы, күйші Құрақтың Досжаны, қазақтың ақын-жазушысы Асқар Тоқмағамбетов, қоғам қайраткері, шығыстанушы Серәлі Лапин, қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы Ұлбике Жанкелдіқызы дүниеге келген. 
Кездесуге Сырдария ауданының құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, жыр сүйер қауым қатысты. Шығармашылық кешті облыс әкімінің орынбасары Серік Әбжәліұлы Ахмет ашып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімі Т.Дүйсебаев қаламгерге Алғысхат табыстады. Жергілікті ақындар ақынға арнап арнау өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: