Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада ветеринария саласы бойынша мәселелер талқыланды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ветеринария саласы бойынша жиын өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов пен облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.а. Әнуарбек Дәрмағамбетов атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына 1 235 645 мал басы тіркелді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 7,6 % өсіп отыр. 
2018 жылы жануарлар арасындағы аса қауіпті аурулар саны 14 болса, қазіргі таңда 16-ны құрап отыр. Аса қауіпті аурулардың алдын алу үшін жануарларға егілетін препараттар саны да өсуде. 2021 жылы облысқа 16 түрлі ауруға 6,3 млн доза препараттар қаралған. Оның қазіргі күні 3,9 млн. дозасы жеткізіліп, 1,7 млн. бас егілді.
Биылғы 4 айда энзоотиялық ауруларға қарсы 62,8 мың мал басы егілді. Алдағы уақытта 552,1 мың мал басын егу жоспарлануда.
Соңғы үш жыл көлемінде барлығы 3 млн 400 мың мал басына диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде  427 мал басынан  бруцеллез ауруы анықталды. Барлығы санитарлық талапқа сәйкес сойылды.
Облыста барлығы 145 мал қорымдары бар. Оның ішінде 90 типтік жобада, 55 қарапайым түрінде салынған. 
Сондай-ақ, жиында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау мәселесі де қаралды. Облыста барлығы 35 981 ит, 10 498 мысық бар, жалпы саны 46 479 құрайды. 2021 жылдың 4 айында 8502 бас ит пен мысықтар ауланды. Әсіресе, бұралқы иттер мен мысықтар Қызылорда қаласында көп шоғырланған. Осы орайда, арнайы ит аулау топтардың жұмыстары күшейтілуде.
Жалпы облыста 2021-2023 жылдарға арналған ветеринария саласын дамыту Жол Картасы қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Алдағы 3 жылдықта 139 ветеринариялық пунктерге Нива автокөліктерін алу көзделуде. 2021 жылға 15 автокөлік сатып алу үшін 66,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.
Авариялық жағдайға ұшыраған 4 ветеринариялық пункт (Арал-2, Қазалы-1, Жалағаш-1) ғимараттарын қайта салу жоспарлануда. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеуге 9,9 млн.теңге қаржы бөлінді.
2021-2023 жж. 24 типтік жобадағы мал қорымдарын салу жоспарланса, 2021 жылы 7 (Арал-5, Қазалы-1, Жаңақорған-1) мал қорымы құрылысының ЖСҚ әзірленіп облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылды.
Жиын соңында аймақ басшысы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауды, ветеринариялық дәрігерге кететін нормативтік жүктемені бекітіп, аудандардағы ветұйымдардың жұмысын жүйелі ұйымдастыруды және қаңғыбас иттер мен жабайы мысықтарды аулау фнукцияларын бәсекелестік ортаға беру үшін ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: