Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНА ДЕПУТАТТАРДЫ САЙЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАРАЗЫЛАНДЫ

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық сайлау комиссиясының брифингі өтті. 
2017 жылғы 28-сәуірде "2017 жылғы 28 маусымға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды. 
2017 жылғы 29-сәуірде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының осы сайлауды ұйымдастырып өткізуге байланысты алғашқы отырысы өтті. Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. 
Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 28-мамырға дейін, кандидаттарды тіркеу 7-маусымға дейін жүреді. Ал, сайлау алдындағы үгіт 8-маусымда басталып, 26-маусымда сағат 24.00-ге дейін жүргізіледі. 2011 жылғы 19-тамызда сайланған Сенаторлардың өкілеттігінің конституциялық мерзімі ағымдағы жылдың 31-тамызында аяқталады, осыған байланысты республика бойынша әрбір облыстан бір депутаттан сайланады. Қызылорда облысынан сенатор Мұрат Бақтиярұлының орнына бір депутатты облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың 147 депутаты сайлайды. Яғни, алдағы Парламент Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс беруге таңдаушы ретінде мәслихат депутаттары ғана қатыса алады.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер өңірдегі барлық мәслихаттар депуттарының кемінде он пайызының қолдауына, яғни кемінде 15 депутаттың қолдауына ие болуы тиіс. Бұл қолдау мәслихаттар депутаттарының тиісті қолдар санын жинау арқылы куәландырылады. 
Дауыс беруді, дауыстарды санауды және нәтижелерін жариялауды облыстық сайлау комиссиясы бір күн ішінде - 28-маусымда жүргізеді. 
Парламент Сенатының депутаттығына кандидатқа сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығындарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. 
Кандидаттарды ұсыну мерзімі басталған күні, яғни 2017 жылдың 29-сәуірінде 5 кандидат Парламент Сенатының депутаттығына өз кандидатураларын ұсыну ниетін білдіріп, құжаттарын тапсырды. Олар - облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы - Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы - Әжікенов Ержан Ертарғынұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Бақтиярұлы Мұрат, "Байкен-Ю" ЖШС бас кеңесшісі - Жарқынбаев Ғайнулла Зейнуллаұлы, "Байқоңыр" әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы - Кенжебаев Темірхан Бердалыұлы. Кандидаттардың ұсынылған құжаттары тексеріліп, олардың заңнамамен қойылған талаптарға сәйкеси келетіндігі туралы хаттамалық шешім қабылданып, таңдаушылардың қолдауын алу үшін қол қою парақтары берілді. 
Бұқаралық ақпарат құралдары эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді 8-мамырдан кешіктірмей хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ облыстық сайлау комиссиясына ұсынуы тиіс.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: