Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Ауыл әкімі сайлауы: Маңызды шараға қазірге дейін келгендер 48,8%-ті құрады

Қызылорда облысында 13.00-ге дейін ауыл әкімі сайлауына келгендер 48,8%-ті құрады. Ол 17 614  адамды шамалайды.
Өңірде 40 сайлау округінде ауыл әкімі сайлау өткізілуде. Онда  барлығы 122 адам үміткер ретінде тіркелген.  Оның ішінде саяси партиялардан - 47 адам түссе, 75 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.
Облыс бойынша орташа бәсекелестік 3 адамнан болып тұр. Ал 6 округте - 2, 28 -  3, 5 округте 4, 1 округте – 6 кандидаттан тіркелген. 
Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны - 36 071. Сағат 13.00-ге дейін 17 614 адам сайлау учаскесіне келді. Ол 48,8% құрап отыр.
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы бар. Оның ішінде келушілер саны 3831 адам, бұл – 47,8 %. 
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1516 адам, ол - 56,7%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы тіркелген. келушілер саны 1142 – 33,5%
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша бар. Онда 3596 адамнан 1733 адам келді. Ол - 48,2%.
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы бар. Келушілер саны - 1337 (47,6%).
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы бар. Келушілер саны - 2290 адам. Ол – 54,2 %.
Жаңақорған ауданында 13 округте 17 учаске бар Онда қазірге дейін 11340 сайлаушының 5765-і келген. Ол - 50,8 %
«Сайлау барлық учаскелерде  Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағым түскен жоқ.
Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың,сенім білдірген адамдары мен байқаушылары – 313 адам байқау жүргізуде», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: