Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданына жасаған сапары барысында "Аралтұз" АҚ-ның жұмысымен танысты. Алдымен Жақсықылыш кентінде болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Аралтұз»АҚ-ның жаңадан пайдалануға берілгелі тұрған тұз қалталау цехының жұмысымен танысты.
Аталмыш қалталау цехына Ресей елінен 5 дана жаңа автомат алынып, өндіріске еңгізіліп, табысты жұмыс істеп тұр. Бу қазандығына жаңа қазан орнатылып, мазут отынынан сығымдалған газға, яғни арзан отын түріне ауысы жұмысы жүргізіліп іске қосылды.
Сонымен қатар, тұз өңдеу цехының жанынан брикет бөлімшесі ашылды. Қазіргі күні бөлімшеге 4 дана солпресс құрылғысы (станок) қондырылған. Ауысым кестесіне сәйкес бүгінде 3 құрылғы жұмыс жасап тұр. Әр құрылғы ауысымында 9.0 тн көлемінде өнім шығарады. Тәулігіне 24 тн өнім шығару жоспарланған. Ал, айына 750 тн брикет тұзын шығару кәсіпорын басшылығымен межеленуде. Кәсіпорынның «Брикет» бөлімшесінде 40 қызметкер жұмыс атқарады. Брикет тұзы сығымдалып (престеліп) кірпіш көлемінде шығарылады. Өңделген тұз, негізінен мал шаруашылығына арналған. Мекеме қайта жаңғыртылғаннан кейiн, шығарылатын тұздың сапасы айтарлықтай артқан. Бұл жөнінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаев тілге тиек етіп , өндіріс жұмысына оң бағасын берді.