Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Білім басқармасының басшысы тағайындалды

 Білім басқармасының басшысы тағайындалдыОблыс әкімінің 2015 жылғы 5 ақпандағы өкімімен Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бахытжан Әбдіқалықұлы 1955 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын - математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының докторы, академиялық профессор.
Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. 1981-1993 жылдары - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, 1993-2011 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 
2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: