Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада өңдеу саласының өрісі кеңейді

Облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунованың қатысуымен обыстық экономика және бюджетті жоспарлау, сондай-ақ қаржы басқармаларының бірлескен алқа мәжілісі болып өтті. Онда аталған басқармалар басшылары Сәуле Құлымбетова мен Талғат Жақыпбеков өткен жылдың қорытындысы туралы есеп берді.
 Басқарма басшылары атап өткеніндей, есепті кезеңде аймақ экономикасының өсуі және тұрғындардың әл-аухаты артқаны байқалды. Әсіресе өңдеу саласында айтарлықтай өсу болды. Оның өсу көрсеткіші 107 пайызға жетті. Ал республика бойынша бұл саладағы орташа көрсеткіш 101 пайызды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері санының өсу көрсеткіші 5,5 пайыз болып, олардың жалпы саны 29 мыңға жетті. Экономиканың нақты саласындағы жаңа өндірістердің іске қосылуы, шағын бизнестің дамуы және жаңа әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуі нәтижесінде жаңадан тоғыз мыңдай жұмыс орны ашылып, тұрақты жұмыс орны 26 пайызға артты. Өңірдің басты байлығы күріштен мол өнім жиналып, әр гектарына 50 центнерден келді. 2013 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақы көлемі жеті пайызға артты.
Облыс бюджеті жыл басында 163 млрд. теңге болып қабылданса, жыл соңына дейін бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар болып өтіп, бюджетті нақтылау нәтижесінде ол 207 млрд. теңгеге дейін өсті. Іске асырылған бірқатар шаралар нәтижесінде қала мен аудандар бюджеті 100 пайызға орындалды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: