Сайлауды бақылау жөніндегі комиссияның облыста филиалы құрылды
Қызылорда облысында ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы құрылды. Мұндай бірлестік алғаш рет құрылып отыр. Сондықтан бірлестіктің құрылуы сайлау жұмыстарының жүргізілу барысын заңға сәйкес болуына ықпал жасайтыны анық. Бұл туралы бүгін бірлестіктің облыс бойынша филиалының төрайымы болып сайланған Мария Жомартқызы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте хабарлады.
- Комиссияның мақсаты сайлау барысының заңға сәйкес, талаптарға сай жүргізілуін бақылау. Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу тәртібі мен ережелерінің сақталуын қадағалайды. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыс бойынша 345 ерікті-байқаушылар тіркелді. Олардың ішінде ұстаздар, зиялы қауымдар, зейнеткерлер де бар. Олар бүгінде өз міндеттері мен құқықтарын жетік меңгеріліп, өз функцияларымен таныстырылуда. Бақылаушылар жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатында семинарлар, қоғамдық рейдтер жүргізіліп отыр. Бірлестік жұмысының нәтижелерін жаңадан ашылған RKBsailaukiz@mail.ru сайтында жариялап отырамыз, - деді бірлестік төрайымы.
Айта кету керек, егер осы мәселе тұрғысында сұрақтарыңыз болса, «Болашақ» университеті, 1 қабат, 103А кабинетіне жолығуға болады. Байланыс телефоны 23-43-93.