Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордадан Қарағандыға гуманитарлық көмек жіберілді

Қызылордадан Қарағандыға гуманитарлық көмек жіберілдіБүгін, 24 сәуірде қызылордалықтар Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында азық-түлік тиілген жүк керуенін жөнелтті.
Айта кетейік, Сыр жастары қарағандылықтарға көмек көрсетуге байланысты үндеу қабылдаған болатын. Жастар ұйымдарының жетекшілігімен облыс тұрғындарынан материалдық көмек жиналды. Арнайы 12 пункт жұмыс жасады. Оның бесеуі облыс орталығында орналасқан. 
Аймақ тұрғындарынан барлығы 125 тонна, атап айтқанда 30 тонна көкөніс өнімдері, 53 тонна 600 кг күріш, 15 тонна 870 кг ұн, 7 тонна өсімдік майы,1 тонна 630 кг ас тұзы, 14 тонна макарон өнімі,1 тонна 698 кг құмшекер және тағы да басқа тұрмысқа қажетті заттар жиналды. 
Жиналған азық-түлік 10 ауыр жүк көлігіне тиеліп, Қарағандыға жөнелтілді. Қайырымдылық керуені жол көлік полициясының, облыс әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының» арнайы көліктерімен сүйемелденіп және жауапты мамандардың жетекшілігімен Қарағанды облысына жеткізілетін болады. 
Сондай-ақ, қызылордалықтар көмек ретінде бір күндік жалақыларын арнайы ашылған есеп шотқа аударды. Алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің аппараты жалақыларын салып, барлық мекемелер белсенділік танытты. Бүгінгі күнге дейін 8 млн. 932 мың 747 теңге жинақталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: