Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕР ТАҢДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЕПУТАТТЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕР ТАҢДАЛДЫ«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық ұйымдарында жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттыққа үміткерлерді анықтау жөніндегі ішкі партиялық праймериздер өтуде. 
Соның бірі – Тасбөгет кентінің С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Тасбөгет», «Арай» және «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымдарының  100-ге партия мүшесі №23 Тасбөгет сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа үміткер  Жорабек Нұрымбетов пен Оразбек Тәшенді таразыға салды. 
Жорабек Нұрымбетов – «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы өндірістік учаскесінің бастығы, Қызылорда қалалық мәслихаттың IV және V шақырылымының депутаты. Оразбек Тәшен – Қызылорда  индустриалдық-техникалық колледжінің директоры.
Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырған соң шығып сөйлеушілер үміткерлерге мінездеме беріп, олардың қызметтері мен партиялық міндеттерін орындаудағы табыстарын мәлімдеді. Сонан соң жиылғандар дауыс санау бағытында арнайы комиссия құрамын бекітіп, тиісті дауыс беру бюллетеньдері арқылы үміткерді таңдады. Шара соңында арнайы комиссия праймериз қорытындысын жариялады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: