Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС ЖАСАЛДЫ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС ЖАСАЛДЫ "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. 
Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жаңа тағайындалған Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаевты ұжымға таныстырды. 
Ибадулла Дүйсенбайұлы 1957 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Философия ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары қалалық және облыстық мекемелерде жауапты қызметтер атқарған. 2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. Соңғы екі шақырылымда Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы болған. 
Облыс әкімі Ибадулла Құттықожаевтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: