Наталья Зарудная: "Қызылордада даму қарқыны байқалады"
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ОБСЕ-нің Астанадағы орталығының басшысы Наталья Заруднаяны қабылдады. Түрлі ауқымды мәселелерді талқылаған қабылдауда өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қозғалды. Әсіресе, күріш кластері мен балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын үнемдеу мәселесі сөз болды.
«Облыста бірнеше рет болдым. Әр келген сайын даму қарқынын байқаймын. Аймақта жұмыс жасалғандығы көрінеді. Өңір басшысымен болған қабылдауда жергілікті өзін-өзі басқару, мигранттардың құқығын қамтамасыз ету, эктремизммен күрес және экологиялық таза технологияларға өту, секілді басқа да келелі мәселелерді әңгімелестік», деген орталық басшысы журналистерге берген сұхбатында аталған мәселелерді жүзеге асыруда өңірдің мүмкіндігінің зор екендігінде тілге тиек етті.