"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Бүгін, 29 қаңтарда "Нұр Отан"партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы тағайындалды.
Н.С.Байқадамов 1967 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Тарих және француз тілі» мамандығы бойынша бітірген, тарих ғылымдарының кандидаты, акдемиялық доцент. 1991-1993 жылы Сырдария ауданындағы №139 Аманкелді атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, 1994-2002 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 1996-2000 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институты аспирантурасының сырттай бөлімінде оқыды. 2001 жылы аталған институттың диссертациялық Кеңесінде тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. 2002 жылы «Мемлекет және құқық теориясымен тарихы» кафедрасының меңгерушісі. 2003-2006 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің колледжінің директоры. 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2008 жылы ақпан айынан бастап университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2013 жылы шілде айынан бастап Қызылорда облысының білім басқарма басшысының міндетін атқарушы қызметін атқаруда. Отбасылы 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.