Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ШИЕЛІДЕ ӘКІМДЕР ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ

 

Қызылорда облысында түрлі деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беруі басталды. 
Бүгін Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің әкімі Мұрат Әшірбеков тұрғындарға 2016 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы атқарылатын міндеттер бағытындағы жұмыстары жайлы есеп берді. 
Төңкеріс ауыл округі бойынша егілген күріштіңң әр гектарынан 60,8, бидайдан 10 центнерден өнім алынған. Сонымен бірге ауылда мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен орындалуда. Атап айтқанда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекет қолдауы нәтижесінде ауылда 17 сауда нүктесі, 1 күріш ақтау диірмені және 40 орындық монша тұрғындарға қызмет көрсетеді. 2016 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша  кәсіпкерлікпен айналысу үшін барлығы 9 адам  31 000 000 теңге көлемінде несие алды.
Өткен жыл үлесіндегі жаңалық – ауылда жаңадан дәрігерлік амбулатория салынып, ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді.   
Алдағы уақытта ауылға спорт кешенін салу және ауылішілік Уәлиханов, Дүйсеков, Сапақов, Абай  көшелерін орташа жөндеуден өткізу жоспарда бар.
Есепті кездесуде ауыл ақсақалдары мен тұрғындары өз ой-пікірлерін ортаға салып, жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: