Астана уақыты бойынша 03 сағат 01 минут 14 секундта Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды.
Халықаралық ғарыс станциясына «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Антон Шкаплеров, «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 1-бортинженері Саманта Кристофоретти және «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 2-бортинженері (НАСА) Терри Вёртс аттанды.
Қазкосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыран-тасығыштың ажырайтын бөліктері Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысының алдын ала белгіленген аудандарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай аймағына құлаған.
Ұшуды басқару орталығының мамандарының айтуына қарағанда, экипаж өздерін жақсы сезінуде.