Бүгін, 29 қарашада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Бүлдіршіндер мерекеге орайластырып салтанатты шара ұйымдастырды.
– Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, Сіздер, балалар, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Соңғы жылдары балалар үйінің бітірушілері мемлекеттің қолдауымен білім гранттарын жеңіп алып білім алуда. Ал 13 түлек баспаналы болды. Облысымызда сіздер үшін жанұялық үлгідегі балалар ауылының құрылысы жүргізілуде. Осының барлығы, балалар, біздің Елбасының Сіздердің өркениетті және гүлденген қоғамда бақытты өмір сүрулеріңізге бағытталған сарабдал саясаты, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы балаларға Елбасының атынан планшет сыйға тартты. Ал балалар облыс әкіміне өздерінің дайындаған қолөнер сыйлықтарын табыстады. Салтанатты шара балалардың мерекелік ән-шашуымен жалғасты.