Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Облыс әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев орталық алаңда Сыр жұртшылығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 

Облыс әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

– 2014 жыл табысты болды. Инвестиция тарту, құрылыс салу, орта-кіші кәсіпкерлікті дамыту, бюджетті нығайту бойынша еліміздің маңдайалды аймақтарының қатарындамыз. Қиыншылықтарға қарамастан әсіресе әлеуметтік саланы назардан тыс қалдырған емеспіз. Мәселен, жан басына шаққандағы бюджеттің әлеуметтік шығындары бойынша облысымыз бірінші орында. Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнан соң мерекелік концертпен жалғасты. Түрлі қойылымдар көрсетіліп, әншілер әннен шашу шашты, бишілер мың бұрала биледі. Түрлі-түсті отшашу мерекенің сәнін кіргізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: