Облыс әкімі «Aq jol» Қазақстан демократиялық партиясы өкілдерін қабылдады
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Aq jol» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жорабек Пірманов пен мүшесі Алмас Тұртаевты қабылдады.
Кездесуде партиялардың өзара ынтықмастығын арттыру мәселелері талқыланды. Азат Перуашев «Aq jol» Қазақстан демократиялық партиясына аймақ әкімдерінің қолдауы қажеттігін жеткізді.
- «Біздің партия халықтың экономикалық, әлеуметтік саласын дамытуға арналған біршама жоспарларды ұсынбақ. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жетістіктерге жетеміз деген сенім бар. Сіздердің тараптарыңыздан бізге қолдау көрсетуді сұраймыз», - деді Азат Перуашев.
Өңір басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытында барлық партиялар мен ұйымдардың жобаларын қолдауға дайын екендігін жеткізді.
- «Сыр өңірінің өркендеуіне жұмыс жасайтын жобаларды қолдауға біз әрқашан дайынбыз. Елінің дамуына әрбір азамат үлес қосу керек деп санаймын. Бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз нәтижелі болу керек», - деді Г.Әбдіқалықова.