"Байқоңыр" футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі Серік Досманбетов "Бәйге" бағдарламасында қонақта болып, журналист Аида Батуханның біраз сұрақтарына жауап берді.
Серік Құттыбайұлы Досманбетов 1982 жылдың 8 наурызында дүниеге келген. Бойы 175 см, салмағы 72 келі. 1999-2012 жылдарда "Қайсар" (1999-2001, 2004, 2012-2013), "Ақтөбе" (2002-2003), "Оқжетпес" (2005, 2006-2009), "Ордабасы" (2006), "Жетісу" (2010), "Шахтер" (2011-2012), "Қызылжар" (2014) командаларында шабуылшы болған.