Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитеті мүшелерінің 2 наурыз күні өткен отырысында ҚФФ-ның кезекті конференциясының мерзімі бекітілді. Конференцияны 2015 жылдың 3 сәуіріне өткізу қабылданды.
Конференцияда ҚФФ Президентінің 2015 жылдың қаңтары мен ақпан аралығындағы қызметі жөнінде есебі, 2014 жылғы Ревизиялық комиссия мен тәуелсіз аудиторлардың бекітілген есебі, Қазақстан футбол федерациясының 2015 жылғы бюджеті тыңдалады. Сонымен қатар, алдағы төрт жылға Атқарушы комитет мүшелері сайланады.