Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсардың» ыңғайсыз қарсыласы тағы сүріндірді

«Қайсардың» ыңғайсыз қарсыласы тағы сүріндірдіҚызылорданың «Қайсары» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесінен» ұтылып, турнир кестесінде бірден екі саты жоғары көтерілу мүмкіндігінен айрылып қалды. Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткен бұл ойын 0:1 есебімен аяқталды.
Қайсар – Оқжетпес 0:1 (0:1)
Гол: Шабалин 25
Ескертулер: Кляйн 36, Матвеенко 55, Шестаков 75 - Чертов 64, Цветкович 86, Роткович 90+3
Қайсар: Прядкин, Ирисметов, Кляйн (к), Балтаев, Кейлер, Шестаков, Митошевич (Кнежевич 73), Калинин, Розыбакиев (Алтынбеков 63), Матвеенко, Молдақараев (Хунт 60)
Резерв: Нурмухаметов, Вороговский, Струков, Нұрдәулетов
Оқжетпес: Әбжанов, Мангуткин, Волков (к), Куксин, Павлов (Роткович 70, Смейкал 90+3), Тулиев, Шабалин (Азовский 82), Гридин, Цветкович, Чижов, Чертов
Резерв: Багинский, Хохлов, Крюков, Сычев
Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Богданов (Семей), Попов (Астана)
3 қазан. Қызылорда. Ғ.Мұратбаев атындағы Орталық стадион. 2 000 көрермен
Алғашқы минуттар бір сыдырғы өтіп, командалар негізінен алаң ортасында таласумен болды. Екі жақ та орқта-текте қақпаны алыстан нысанаға алғандары болмаса, аса бір қауіпті шабуылдар ұйымдастыра қоймады. Бірақ қонақтардың капитаны Виталий Волков бірінші минуттан белсенді еді. Ойынның 25-минутында алдынан шыққан қарсыластарын әдемі алдап өтіп, екі қорғаушының арасынан Павел Шабалинге әдемі пас шығарып берген де сол. Ал 27-ші нөмірлі шабуылшыға қақпашымыз Кирилл Прядкинді алдап өтіп, ашық қалған қақпаға тура соққы жасау қиындық тудырмады.
Қақпасына гол жіберіп алған «Қайсар» футболшылары шабуылды тіптен күшейтті. Қорғаушыларға дейін алға атойлап, стандартты жағдайлардың барлығында Мартин Кляйн мен Алдан Балтаев шабуыл шебінде қақпаны аңдумен болды. Өкінішке қарай, қорғаушыларымыз да, шабуылшыларымыз да Руслан Әбжанов қорғаған «Оқжетпес» қақпасының кілтін таппады.
Екінші таймда «Қайсар» қарқынын тіптен күшейтті. Көп уақыт өтпей жатып, бас бапкер алаңға Жасұлан Молдақараевтың орнына Римо Хунтты шығарып, шабуылға жаңа леп қосты. Артынша жылдамырақ Елжас Алтынбековті шығарды. Дегенмен, «Оқжетпестің» қорғанысы міз бақпады. Енді бірде сәттілік жетіспей жатса, енді бірінде бас төреші қонақтар қорғаушысының қолмен ойнағанын көрмей, Матвеенконы шалып жыққанын байқамай, шешім қабылдауда қателесіп жатты.
Ал қосамжарлана өткен ойында «Қайсардың» басты бәсекелестері «Жетісу» мен «Шахтер» қатар жеңілген болатын. Яғни, осы ойында жеңіске жеткенімізде бірден екі саты жоғары көтеріліп, 10-орынға жайғасар едік.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: