Үстіміздегі жылдың 5-8 қараша аралығында Қызылорда қаласы Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды баларға арналған мектеп-интернаттың бокс залында Жалаңтөс Баһадүр бабамызды еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Оған Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан Республикасынан 232 былғары қолғап шеберлері 23 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс ұлдар арасында 18 салмақта, қыздар арасында 5 салмақта өтті.
Төрт күнге созылған жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған спортшылар:
Қыздар арасында (2000-2002 ж.т.):
46 келі: Анар Қожа (Алматы обл.)
48 келі: Фариза Балкир (Қызылорда обл.)
52 келі: Алина Жексенбаева (Алматы обл.)
57 келі: Сандуғаш Қалиякпар (Алматы обл.)
60 келі: Лаура Бисенғали (Қызылорда обл.)
Ұлдар арасында (2002-2003 ж.т.):
30 келі: Руслан Ғазиз (Қызылорда обл.)
32 келі: Сәуірбек Әбілақ (Қызылорда обл.)
34 келі: Жавохир Ташиматов (Өзбекстан)
34 келі: Арал Базарбаев (Ақтөбе обл.)
36 келі: Ислам Омар (Қызылорда обл.)
38 келі: Фархад Ешмағанбетов (Өбекстан)
38 келі: Ерсұлтан Бексұлтанов (Қызылорда обл.)
40 келі: Асхат Болатов (БҚО)
40 келі Алижан Қадырханов (БҚО)
42 келі: Тәуірбек Әлібеков (Қызылорда обл.)
44 келі: Мадияр Сағындықов (Қызылорда обл.)
46 келі: Мади Жайлаубек (Астана қ.)
48 келі: Асхат Болатов (Алматы обл.)
50 келі: Рақымжан Шанжархан (Қызылорда обл.)
54 келі: Айбол Алданыш (Қызылорда обл.)
60 келі: Сұлтан Жақсылық (Ақтөбе обл.)
63 келі: Әділ Оралов (Астана қ.)
70 келі: Мейірбек Садыхинов (Ақтөбе обл.)
"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен байқоңырлық Рахымжан Кулекбаев, "Ең үздік боксшы" - қыздар арасында Алматы облысынан Анар Қожа, ұлдар арасында өзбекстандық Фархад Ешмағанбетов марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом және естелік сыйлықтар табысталды.