Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылорданың "Жас барыстары" олжалы оралды

Қызылорданың "Жас барыстары" олжалы оралдыБатыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында қазақ күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында өткен "Жас Барыс" республикалық турнирінде жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Бірінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орында - Жамбыл облысы. Жекелей сында жастар арасында сынға түскен 55 келі салмақта шиеліліктер Бекжан Төлепов пен 60 келіде Райымбек Рантаев турнир жеңімпазы атанды. 
Жасөспірімдер арасында 46 келіде Бақыт Сейілхан (№5 ОРМБЖМ) бірінші орынды иеленді. Жасөспірімдер арасында 51 келіде Бақдәулет Имамзада (№1ОРМБЖМ) мен 60 келіде қазалылық Абылай Жұбаназар күміс жүлдені еншіледі. Жасөспірімдер арасында 64 келіде сынға түскен қармақшылық Жасұлан Бердібеков пен жастар арасында 66 келіде Рахманберді Әбдірашит (№1ОРМБЖМ) үшінші орынға ие болды. 
Жасөспірімдер арасында 38 келіде түгіскендік Ермахан Қамар,46 келіде Нұрсұлтан Досмұрат (№1ОРМБЖМ) пен 66 келіде шиелілік Өмірзақ Рахметов қола жүлдеге қол жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: