Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Мырзағали Айтжанов пен Данияр Елеусінов жыл үздіктері атанды.

Мырзағали Айтжанов пен Данияр Елеусінов жыл үздіктері атанды.Халықаралық бокс қауымдастығы Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен команда капитаны Данияр Елеусіновты XVII Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткендері үшін жыл үздіктері деп атады, хабарлайды Қазспорт телеарнасы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшылар Азиадада 6 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Елеусінов пен  Айтжанов өз номинациялары бойынша осымен екінші жыл қатарынан үздік деп танылды.
AIBA нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері мен үздік боксшысы 24 қараша күні Оңтүстік Кореяда марапатталады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: