Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДА БОКСШЫЛАРЫ ҚАРАҒАНДЫ КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

ҚЫЗЫЛОРДА БОКСШЫЛАРЫ ҚАРАҒАНДЫ КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

 

Бүгін, 9 қыркүйекте Қызылорда қаласында бокстан Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде Сыр өңірінің саңлақтары қарағандылық әріптестерін сүріндірді. Біздің былғары қолғап шеберлері оларды шаршы алаң төрінде 6:4 есебімен тізе бүктірді. 
Оған Астана қаласы, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарының құрама командалары қатысып жатыр. Жарыс 10 салмақта (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 келі) өткізіледі. 
Іріктеу кезеңінен өткен команда үстіміздегі жылғы 3 желтоқсанда Алматы қаласында өтетін жартылай финалға жолдама алады. Ақтық бәсеке 4 желтоқсан күні болады.  Финалда 1-орынды жеңіп алған команда Конфедерация кубогының иегері атанады. 

Қазақстан бокс федерациясының кубогы
1-ші күн нәтижесі
49 келі
Ерлан Махмуд (Қарағанды) – Дулат Дәуітов (Қызылорда) 0:3
52 келі
Ақниет Балтабаев (Қарағанды) – Бакқожа Инаятуллаев (Қызылорда) 0:3
56 келі
Қанат Тұрғанбаев (Қарағанды) – Нұржан Төкен (Қызылорда) 3:0
60 келі
Ержан Мусафиров (Қарағанды) – Сабыржан Әбілов (Қызылорда) 3:0 
64 келі
Нұрхан Өміртай (Қарағанды) – Ернұр Өлмесбек (Қызылорда) 0:3
69 келі
Мақсат Жексенбі (Қарағанды) – Қазыбай Жалғасбай (Қызылорда) 1:2
75 келі
Ердос Нұрқали (Қарағанды) – Қайрат Сүгірәлі Қызылорда (2:1)
81 келі
Наурызбек Сагимбаев (Қарағанды) – Тұрсынбай Құлахмет Қызылорда 0:3
91 келі
+ Алексей Севостьяно – Темірлан Өмірбек (Қызылорда) ТКО
+91 келі
Дмитрий Зиско (Қарағанды) – Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда) ТКО
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: