Қызылордада өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырды
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 3 627.Соңғы тәулікте 7 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3487-ге жетті.
Бүгінде инфекциялық стационарда 37, ал стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас ем алуда
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны-15 247, тікелей қарым-қатынас-12 499, ықтимал қарым-қатынас-2 748.
Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 1 192, тексерілгені – 482, жұмыс жасалуда – 710. Қалдық тест саны – 26 303. Эпид маусым басталғалы бері 197 079 сынама алынды.