Иордания астанасы - Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Токио Олимпиадасына лицензиялық турнирде Сыр спортшысы Қамшыбек Қоңқабаев жолдама алды.
91 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сыр боксшысы қытайлық спортшыны жеңіп, жартылай финалға шықты.Ол 10 наурыз күні австралиялық боксшымен шаршы алаңға шығады.
Қамшыбек Қоңқабаев - бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, дүркін Азия жəне Əлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қызылорда облысында Олимпиадаға əзірге екі жолдама бар. Бұған дейін еркін күрестен Дəулет Ниязбеков алған болатын.