Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Құлболды ишан кесенесі

Құлболды ишан ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Ол – әйгілі Қожа Ахмет хазірет сұлтан негізін салған софылық діни ілімнің Тұран өңіріндегі ең соңғы өкілі саналатын Қажы Мәді Қожаның үлкен ұлы Қожаның бесінші ұрпағы.
Жас кезінде Ысмайыл Әздүр молдадан арабша оқып үйренген зерек бозбала Бұқарадағы «Мір Араб» және «Көкілташ» медреселерін бітіріп, одан соң Сыр бойындағы Айтқожа, Марал ишандармен бірге Ау­ған­стан еліндегі ислам шейхынан дәріс алған.
2002 жылы Құлболды ишан кесенесі қайтадан жаңғыртылып салынды. Бұл жұмысқа сол жердегі ауыл-аймақ түгел атсалысты. Ғұламаның Әубәкір, Омар, Пазыл атты ұлдарынан тараған ұрпақтары бүгінде Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында, дені Қызылорда облысында тұрақтаған. Омардың ұлы Құламқадір ишан әрі болыс болған. Бұл туралы деректер Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармаларында кездеседі. Екінші немересі Әбдіхалық Меккеге үш рет барған. Ал, 1903 жылы үшінші рет барғанында Меккедегі «Мухаммедия» медресесінде шежіре жаздырып алған. Осы шежіре бойынша Құлболды ишан Әзірет Әлінің 43-ұрпағы – Әзіретәлінің үшінші баласы Мұхаммед Әнапиядан тарайтыны нақтыланған.
Кесене Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырымда орналасқан. Кесене биіктігі 8 м. дөңнің басында орналасқан, кірпіштен салынған құрылыс болып табылады. Төбе және оған жанасқан аймақтың айналасында жерлеу құрылыстары салынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: