Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Балапан төбе ескерткіші 

Балапан төбе ескерткіші Жаңақорған ауданына қарасты Жаңарық ауылынан 12 км шамасында солтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Балапантөбе ескерткіші тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген.
Ескерткішті 1900 жылы В.А.Каллаур ашқан. Онда өлшемдеріберілген.
Ал, И. Кастаньенің 1910 жылы шыққан «Древности Киргизской степи и Оренбургского каря» атты үлкен ғылыми еңбегінде Балапантөбе жөнінде мәлімет берілген. Алайда, ол В. Каллаурдың жазған сипаттамасын толықтай қайталаған. 2004 жылы ХКТУ ТАЭ (М. Елеуов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Балапантөбе қалашығындағы геодезиялық белгі өткен заманда қойылғанымен ескерткіш санатына алу, мемлекеттік тізімге енгізу қарастырылмаған. Сондықтанда қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қаржы қарастыру жоспарланбаған. Мұндай мұнараларды сақтау, қорғау жұмыстары мекеме құзырына жатқызылмайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: