Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Сауысқандық жартасындағы суреттер

Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінде біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдықтың алғашқы жартысына сәйкес келетін Қаратау жоталарындағы Сауысқандық шатқалындағы таңбалы тастар Азияда ерекше сюжеттік ерекшеліктермен ерекшеленеді.


 Қола дәуіріне сәйкес келетін Сауысқандық жартастағы суреттері сол дәуірдің әдет ғұрпындағы наным сенімдерден көрініс береді. Аң терісін жабылған абыздар мен ғұрыптық элементтер көрініс тапқан, Бұл ескерткіш облысымызда ЮНЕСКО- ның ескерткіштар тізіміне ұсынылуға алғашқы кезеңі мен құжаттары әзірленуде. Сауысқандық шатқалы бала Сауысқандық және Үлкен Сауысқандық болып бөлініп 5 таулың аймағын құрайды. Мұнда тауешкі, арқар, қасқыр түйе, жылқы сияқты жануарлар сюджеттік көрініс тауып турлар мен қару асынған адамдар ерекше бейнемен суреттелген. 2004 жылы Тұран экспедициясының барлау жұмыстарында табылған Сауысқандық жартастағы суреттері ежелгі дәуірден дерек беретін құнды мекендердің бірі болып саналады. 9 шақырымға созылатын жартастығы суреттерді Сыр Алаштың Анасы экспедициясы толық аралап ақпараттар алды. Ертеңгі күнге деген сенім басым, бірақ осындай жерге келіп рухани баюға сіздерді де жазсын, дүниетаным кеңейіп, Қола дәуірінің ескеткішін алысқа бармай-ақ Қаратау сілемдерінен көре аласыздар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: