Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Асан ата жайлы не білеміз?

Асан ата кесенесін Орталық Азияның барлық түркі халықтарының мұрасы деуге болады. Кесене Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм теміржол бекетінен шығысқа қарай   5 шақырым жерде орналасқан.
Салынған уақыты – XVI ғ. ғимарат авторы белгісіз. Әйгілі ескерткіш мемлекеттік қайраткер, ақын және фәлсафашы Асан Қайғы Сәбитұлына арналып салынған. "Қайғы" лақабы «сормандай» дегенді білдіреді, бұл XIV ғасырдың соңында- XV ғасырдың ортасында өмір сүрген танымал ақын тағдырының айқын көрінісі. Қазақ аңыздары бойынша Асан Қайғы саяхатқа көп шығатын, Қоқанд, Бұқара, Хиуа, тіпті қашықтағы қала Қашғарға барып қайтқан. Дала данасының басты фәлсафалық жолы халқын құрғақшылық, аурулар мен дұшпандар қорқыта алмайтын жерұйықты іздеу болды. Шығармашылық жолында жемісті болған Асан Жәнібек ханның сарайында жырау (ақылшы) ретінде ұстаздық еткен кезең. Сәулет жағынан кесене ғимараты кіреберісі мен күмбезі бар ортағасырлық ритуалды имарат. Негізгі құрылыс материалы ретінде саз ерітіндісінде күйдірілген кірпіш қолданылған. Кесене басына келген жамағат діни жоралғылар жасауына толық жағдай қарастырылған. Мұнда 200 адамға лайықты ас беру орны, түнеухана және Құран оқып, садақа салу үшін мешітте орналасқан.Сәулет жағынан кесене ғимараты кіреберісі мен күмбезі бар ортағасырлық ритуалды ғимарат. Негізгі құрылыс материалы ретінде саз ерітіндісінде күйдірілген кірпіш қолданылған.
Асан атамыз өзінің желмаясына мініп, жиһан кезіп, жасыл орманды, көкорай шалғынды, мөлдір сулы – елді жау шаппайтын, малға жұт келмейтін – суы мол, шөбі шүйгін, ауасы бал жерұйық мекенді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын құтты қоныс іздеумен өткізеді. Ол ондай жер бар деп түсінеді. Жұрттың бәрі тең болса, шат-шадыман тірлік кешсе, ел аласы, ру таласы болмаса деп тілейді. Осы мақсатта ұлан-байтақ қазақ даласын аралап, барлық жерге өз бағасын беріп кетеді.
Осы сапарында Жиделі Байсынға (қазіргі Ташкент маңайы )келіп:
Әй, Жиделі Байсын, артыма бөктере кетер ем, әттең, атымның сауырына сыймайсың-ау, - дейді.
Ал, Сыр бойына, Ақмешітке келгенде:
Ей, Ақмешіт жерің тар екен, суың жар екен, әр бұтаңның түбінде бір кесек етің бар екен, - дейді. Ал, Түркістан қаласын, қасындағы Сауранды көргенде:
Әттеген-ай, қорғанды қорғай алмайтын тақырдың бетіне, шөлстанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, - деген екен.
Асан ата кесенесі. Күмбез және күмбез астындағы орын-жай 3,8 м және 6,98 м мөлшерлі берік тікбұрышты кіреберіске сүйенген. Жерден күмбез ұшына дейін ғимараттың ұзындығы 7,76 м. Күмбездің сегіз қырлы құрылысы бұрышты сүйірленген аркалардан тұрады. Кесененің ішкі интерьері цемент және саз ерітінділерімен әрленген қабырғалар.Алғаш рет 1997 жылы олардың аруағына арналып ас берілсе, содан бері сол игілікті іс лайықты жалғасын тауып келеді. АқынАсанның қазақстандық құрметтеушілерінен бөлек кесенеге Орталық Азияның көптеген түркі елдерінің тұрғындары: өзбектер, қарақалпақтар, түрікмен мен қырғыздар келеді. Келушілер үшін Бәйгеқұм теміржол бекетінен автокөлік бағдары ұйымдастырылған. Бұл ескерткіштің тарихи құндылығы кеңес кезеңінің өзінде ақ белгіленген - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1982 жылы Асан ата кесенесі Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: