Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХ


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қызылорда қаласының да әлеуметтік-экономикалық жағдайы да қиыншылықтарға ұшырады.
Кеңес Одағының ыдырап, жоспарлы экономиканың нарықтық қатынастарымен ауысуы тұсында қаланың өнеркәсіп қуатын арттыруы тиіс көптеген өндіріс орындары жабылып қалды. Аграрлық экономикаға басымдық берілген облысымыздың ауылшаруашылық саласы да жаңа жағдайға икемделе алмай, тұралап қалды. Өтпелі кезеңнің қиындығы мен бағалардың ырықтандырылуы, өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі, әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының бірнеше рет арттырылуы облыс бюджетін кө­бейтуге мәжбүр етті, қаржы тапшылығының күрт ұлғаюына әкеліп соқтырды. Осындай сындарлы сәттерде халықты кедейшілік шегіне жеткізбей аман сақтап қалу барынша қажет болды.
Елбасының алғашқы қол қойған құжаттарының бірі – 1991 жылғы 12 желтоқсандағы "ҚР халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Жарлығы болатын. Бұған байланысты қала орталығында және аудандарда тұтыну тауарларының қозғалысын бақылап отыратын қоғамдық комитеттер құрылды.
Нарықтық экономикаға өту негізінде Қызылордада жәрмеңкелер өткізу кең етек алды. Меншіктің көп түрлілігі сауда-саттық, коммерцияның кең ашылуына қолайлы жағдай туғызды. 1993 жылдың жаз айында Қызылорда қаласында 12 рет жәрмеңке өткізіліп, 10 миллиард сомға жуық өнімдер мен тауарлар сатылды.
1993 жылы Қызылордада Арал мәселесіне арналған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан басшылары қатысқан халықаралық конференция өтіп, онда осы өзекті проблеманы шешу үшін арнайы қор құрылып, маңызды шешімдер қабылданды. Экологиялық апат аймағындағы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында сол экономиканың адымы тұсаулы кезеңнің өзінде облыстың өз күшімен күніне 1200 адам қабылдайтын ірі медициналық диагностикалық кеңес беру орталығы салынып, жеткілікті жабдықталып, пайдалануға берілді. Құмкөлде мол байлық көзі – алғашқы мұнай өндіру жүзеге асты. Аудан, облыста гүл мерекесін өткізу үрдіске айналды. «Қызылорда – Мәскеу» пойызы, облыстық теледидар іске қосылды. Өндірісте жаңа технология, егіншілікте тамшылап суару сияқты шетел тәжірибесі пайдаланды.
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: