Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Еліне елеулі Ахмет ишан


Ахмет ишан кесенесі Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымда орналасқан. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енгізілген.
Ахмет ишан Оразайұлы - ишан, тәуіп. Әкесі Оразай ишаннан сауатын ашып, кейін Бұхарадағы діни медреседе оқыған. Сарысу, Телікөл бойын жайлаған Бағаналы елінде мешіт пен мектепті қатар ұстап, екі рет Меккеге қажылық сапармен барып қайтқан. Білімдарлығы мен ақыл - парасаты, әділдігімен Ақмола, Торғай, Жезқазған дуандарына аты мәлім болған. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен хабарласып, «Қазақ» газетін шығаруға қаражат жағынан қолдау көрсетіп отырған. Газет бетінде қазақ балаларының оқулығына бәйге жариялап, отырықшы өмірдің артықшылығы туралы мақалалар жазған. Саяси-қоғамдық, әлеуметтік істерге де белсене араласқан. 1961 жылы патша үкіметінің жарлығына қарсы Бағаналы елі көтерілгенде, сол көтеріліс басшыларының бірі болып, төбе биі болып сайланады. Тоғыз болыс Бағаналы елінің отырықшылыққа көшуіне бас болып, Сарысу өзенінен Сіңіртек бойына канал қаздырып, егін салдырған. Ахмет ишанның тәуіп ретінде де аты шыққан. Сыр елінде шешек ауруына қарсы алғаш егу жұмысын жолға қойып, балалар өміріне араша тұрады. 1922-1923 жылдары Сарысу бойын жайлаған тырысқақ (оба) ауруына қарсы күресте қызы Бибісара екеуі мыңдаған кісінің өмірін сақтап қалған.
Сарысу өзенінің төменгі жағында Сіңіртек деген жерде Жақсыбердіұлы Ақберген деген шебер 1926 жылы Ахмет ишан бейітінің басына тұрғызған. Кесене күйдірілген кірпіштен екі үлкен бөлме түрінде салынған. Үлкен бөлмесінде зират бар, кішісін кіреберіс дәліз және зияратхана ретінде салған. Кіші бөліктің үстіне екінші қабат салынған. Кесененің үлкен бөлігі 7х7 метр күмбезбен жабылған.
Оразайұлы Ахмет ишан 1861 жылы дүниеге келіп, 1927 жылы Телікөл өзенінің бойында қайтыс болады. Аға-інісі сияқты Ахметте алдымен әкесінен діни сауат алады. Бұхарадағы үлкен медресенің бірінде оқып келіп, Сарысу, Телікөл бойын жайлаған Бағаналы елінде мешіт пен мектеп ұстайды. Оның білімділігі мен инабаттылығы, сол аймаққа емшілігі (Торғай, Ақмола, Жезқазған) кеңінен тарап, Ахмет ишанның аты құрметпен аталған.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: