Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дария бойындағы қауіпсіздік шаралары ескеріледі

Дария бойындағы қауіпсіздік шаралары ескеріледіАрал ауданы Қызылжар елді мекенінің балықшылары Аманөткел елді мекенінің тұсында Сырдария өзенінің үстінен «УАЗ» автокөлігімен өтпек болып, суға батып кетті. Қазіргі таңда автокөлік және ішінде қайтыс болған 5 адам судан шығарылды. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұрмағамбетұлы бұл оқиға дария бойындағы қауіпсіздік шаралараның ескерілмегендігінен орын алып отырғандығын айтты. 
- 1 ақпанға дейін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дария бойындағы барлық өткелдердегі ескерту тақтайшаларын тағы бір мәрте тексеріп шығып, балықшыларға түсіндірме үнпарақшасын таратыңыздар. Егер ережеге бағынғысы келмейтіндер болса, құқық қорғау органдарына ескертіңіздер. Ал Ішкі істер департаменті, сіздер, мұз үстінде көліктердің жүруіне тыйым салыңыздар. Ауыл әкімдері де қол қусырып отырмаңыздар. Біз үшін адам өмірі маңызды, – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.
Жиын қорытындысында қыс мезгілінде балық және аң аулаудағы қауіпсіздік шаралары күшейтілетіндігі айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: