Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада ағаш үтікті сақтап отырғандар бар

Қызылордада ағаш үтікті сақтап отырғандар барТарихта ағаштан жасалған өтек те болған. Осыдан бір - екі ғасыр бұрын жасалған ағаш өтектерді сақтап жүрген жандар бар екен арамызда. 
Жуырда облыстық татар этно-мәдени орталығының жетекшісі Ғалия Ғизатуллинамен сұқбаттаса отырып ол кісілер қоныстанып отырған бөлмедегі ағаш үтікке көзіміз түсті. Бізді қызықтырғаны, ағаш үтіктің жайы еді. Бұрын естіп көрмеген бұл тұрмыстық техниканың тарихын сұрағанымда, бірлестік жетекшісі: «Бұны біздің бірлестікке шамамен осыдан он бес жыл бұрын татар ұлтының азаматшасы, көпшілікке сыйлы алдыңғы буын әпкеміз Сәния Ахметжанова деген кісі сыйға тарту етті. Тарихын толықтай білмедім. Бірақ ол өзінің ата-анасынан қалған құнды зат екенін айтқан болатын. Үтікті өздері қолдан жасағаны немесе сатып алғаны белгісіз. Тіпті, тек татар ұлтына тән үтік деп айтуға да болмас. Негізінен, ол ағаштан жасалғандығымен ерекше. Оны біз пайдаланбаймыз, сыйға берілген дүние болғандықтан, көзіміздің қарашығындай сақтап келеміз», – дейді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: