Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада электрмен жабдықтау тарифтері өсуі мүмкін

Қызылордада электрмен жабдықтау тарифтері өсуі мүмкінҚызылорда облысында энергиямен жабдықтаушы мекемелердің бекітілген бағасы басқа аймақтарға қарағанда орташа деңгейде болып отыр. Мысалы, Қызылорда облысында орташа босату тарифі 15,02  теңгені құраса, Ақтобе облысында 15,17 теңге, Ақмола облысында-16,31 теңге, Алматы облысында-16,08 теңге, Қостанай облысында -17,57 теңге.
Электр энергиямен жабдықтаушы мекемелердің электрмен жабдықтау құнының құрамында 60 пайызы электр энергияны сатып алу, 37-39 пайызы электр энергияның транзитіне, қалғаны мекемелердің жабдықтауға үстеме ақысы (снабженческая надбавка) болады. Соңғы 5 жыл ішінде мекемелердің тарифтерін бекіту кезінде жабдықтаудың үстеме ақысы өзгеріссіз болған, тек электр энергияның сатып алу құнына байланысты көтерілген.
Қызылорда облысы - энергияға тәуелді аймақтардың бірі болып табылады. Облысымызда жалғыз энергия өндіруші мекеме болғандықтан, жетіспейтін қалған көлемі еліміздің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарынан жеткізіледі. Сонымен қатар, электр энергиямен жабдықтаушы мекемелердің тарифіне «КЕГОК» АҚ-ның тасымалдау қызметінің тарифі қосылады.
ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 105-ОД бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын тасымалдау қызметінің  тарифі 1 кВт/сағатқа  ҚҚС-мен 1,462 теңгеден 2,188 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл жағдайда, болжам бойынша облыстағы электр энергиясымен жабдықтау қызметінің  тарифтері 4,7 %-дан 5,1%-ға дейін өседі.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 Қаулысына сәйкес  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр станциялардан сатып алынатын электрэнергияның  бағалары 2,4 %-дан 10 %-ға дейін,  сонымен  қатар «Қызылорда электр тораптары тарату компаниясы» АҚ-ның тасымалдау  қызметіне  тарифтің 1 кВт.сағатқа   ҚҚС-мен 4,20 теңгеден 5,33 теңгеге дейін өсулері күтілуде, бұл энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың орташа босату тарифтерінің 10,9 %-дан  11,1 %-ға  дейін өсулеріне әкеледі.
Жоғарыда аталған тарифтердің өзгерулерін ескере отырып, электр энергиясымен жабдықтау қызметіне тарифтердің 16,3 %-дан 16,6 %-ға дейін өсуі мүмкін.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: